Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев: XXI ғасырда барлық ел G-Global әлемінде өмір сүруге бейімделуі тиіс

Бүгін VII Астана экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Презденті Нұрсұлтан Назарбаев «XXI ғасырда күллі мемлекеттер G-Global әлемінде өмір сүруге бейімделуі тиіс», деп мәлім етті.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:54

«XXI ғасырда күллі мемлекеттер G-Global әлемінде өмір сүруге бейімделуі тиіс. Жасыратыны жоқ, жаһандану күллі әлемді бір-біріне жақын, ашық етті және адамдар үшін қолжетімділігі  артты.  Қаржы экономикалық дағдарысы кезінде туралап қалып, енді енді есін жиып келе жатқан әлем қайта құлдырауы мүмкін», - деді сөз басында Президент.

Өз ұстанымын түсіндірген Н. Назарбаев, жаһандық диалогты тоқтату қауіп тудыруы мүмкін деп қадап айтты.

«Біріншіден, Қазақстан жетекші ядролық державалар жаһандық ядролық қауіпсіздік төңірегінде келіссөздерді тоқтатуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл ядролық қауіпсіздікті төментеду бойынша соңғы 10 жылда жеткен жетістіктерді жоққа шығаруы мүмкін. Сонымен қатар, біз Украинадағы қақтығысты тоқтату жоланды Еуропадағы қауіпсіздік ынтымаөтастық бойынша ұйымның дәрменсіздігі алаңдатуда», - деп Елбасы атап өтті.

Үшіншіден, Қазақстан кейбір елдердің өткен ғасырдың қателіктерін қайталауына қынжылады.

«Мәселені шешу тәсіле ретінде қақтығыстарды таңдауы үлкен қауіп тудірады. Ол мемлекеттаер арасындағы түсініспеушілікті қақтығыстар арқылы шешу керек дегендй мағына беруде», - деп ол өз ойын толықтырды.

Төртіншіден, Қазақстан еркін сауда және әркін нарық масштабында санкциялық саясатты қолдануды мүлдем құптамайды.

«Жалпы, мұндай тәжірибе халықаралыө қатынастарда нәтижелі болған емес. ХХІ ғасырда жаһандыө сенім - ол тек экономикалық тұрғыда. Сенімнің  бұл түрі жоғары болған сайын әлемдік экономиканың даму мүмкіндігіде жоғары», - деп Н. Назарбаев атап өтті.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика