Халықаралық интеграция

Біз ОА елдерімен тәжірибе алмасуға әзірміз - Н.Назарбаев

Бүгінде біз Орталық Азия елдерімен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:31

«Адамға инвестиция салудың құралы кәсіпкерлік пен инфрақұрылымдар. Қазақстанның бұл салады тәжірибесі мол. 2000 жылдан бастап бізде экономика белсенді өсе бастады. Дәл осы кезде біз таңдау жасауымыз керек болды. Яғни халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көбірек көңіл бөлу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта біз адамға инвестициялау жолын таңдадық. Бiз «Болашақ» бағларламасын қолға алғалы 10 мың қазақстандық жас мемлекет есебiнен әлемнiң үздiк жоғары оқу орындарында бiлiм алды және бүгiнде оқып жатыр. Бұл мүмкiндiкке ең алдымен аз қамтылған отбасылардың мүшелерi ие болып отырғанын атап өткен жөн» - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның бiлiм беру және  денсаулық сақтау саласына айтарлықтай инвестицияларды бағыттап жатқанын тілге тиек етті.

«Қазақстандықтардың өмiр сүру ұзақтығы соңғы 7 жылда 4,5 жылға ұзарды. Бiз өте қысқа уақыт iшiнде халықтың кедейлiк деңгейiн 13 есеге дейін қысқарта алдық. Сондай-ақ, халықтың табыс деңгейiне қарай тапқа бөлінуіне жол бермедiк», - дедi Н.Назарбаев.

«Қазіргі таңда  Қазақстан өңірдегі елдермен тәжiрибе бөлiсуге дайын. Нақты айтқанда, Орта Азияның бүкiл елдерi мен өзге мемлекеттердiң дарынды жастарына Назарбаев университетiнде оқуға арнайы гранттар мен бағларламаларды бөлуге әзiрмiз. Тіпті, БҰҰ-мен, Дүниежіүзілік бакнпен және өзгеде халықаралық ұйымдармен кедейшілікті жою мақсатында арнайы Жол картасын даярлауға да әзірміз», - дедi Мемлекет басшысы.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика