Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев: Қазақстан әлемдік үрдістер дамуының түрлі нұсқаларына дайын болуы керек

Қазақстан әлемдік дамудың кез келген үрдісіне дайын болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумында мәлімдеді.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:21

«Әлемдегі жағдай елдерді әлі де алаңдатып отыр. Біз әлемдік үрдістер дамуының түрлі нұсқаларына дайын болуымыз керек. Жаһандық қаржы, қарыз дағдарысының және Еуроаймақтағы әлеуметтік шиеленіс пен Араб елдеріндегі бірқатар әлеуметтік дүрбелеңдердің басылмай жатқан жаңғырықтарымен қатар, біз жаңа қауіп-қатерлермен бетпе-бет келіп отырмыз», - деді Қазақстан Президенті.

«Біріншіден, дамыған мемлекеттер қайта қалпына келіп жатқан кезде, экономикасы дамып жатқан елдердің бәсекеге қабілеттілігі жаппай төмендеді. Сарапшылар капиталдың ауысуы үдейді деп болжап отыр. Бұл жағымсыз сценарий бойынша дамушы елдерге тартылатын инвестиция 50 және одан да көп пайызға қысқару мүмкін», - деді ол.

Елбасының айтуынша, «екіншіден, табыс теңсіздігі ұдайы өсіп келеді. Өмір сапасына байланысты байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық ұлғайды. Ал бұл әлеуметтік қайшылықты күшейтеді».

«Халықаралық зерттеулер бойынша 2014 жылы әлемдік проблемалар рейтінгісінде кедейшілік және байлар мен кедейлер арасындағы ұлғайып келе жатқан алшақтық проблемасы бүкіл дүниежүзі бойынша үшінші орында тұр. Дегенмен, бұл кедейлердің ғана проблемасы емес. Батыс Еуропа  тұрғындары кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты рейтинг бойынша бірінші орынға қойып отыр», - деді Елбасы.

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика