Халықаралық интеграция

Ғаламдық экономикалық интеграцияның жаңа, тиiмдi әрi ғаламдық архитектурасы керек - Н.Назарбаев

АЭФ жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ғаламдық экономикалық интеграцияның жаңа, тиiмдi әрi ғаламдық архитектурасы керек», деп мәлім етті.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:11

«Ғаламдық экономикалық интеграцияның жаңа, бұрынғыдан тиiмдi әрi ғаламдық архитектурасы керек. Біз құрылып жатқан интеграциялық бiрлестiктер, экономикалық одақтардың бiр-бiрiне қарсы қойылмауын қолдаймыз. Керiсiнше, олар бiр-бiрiмен жемiстi жұмыс iстей бiлуi тиiс», - деді ҚР Президент.

Мемлекет басшысы бүгiнгi күнi Еуразиялық экономикалық одақ құру бойынша жұмыстар аяқталып жатқанын тілге тиек етті.

«Оны бiз әлемдегi 200-ге жуық интеграциялық бiрлестiктер қатарындағы елдердiң бәсекеге қабiлеттi бiрiгуi деп танимыз. Бiрнеше күннен соң, нақты айтқанда 29 мамыр күнi Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келiсiмге қол қойылады. Қаржы қызметтерiнiң ортақ нарығының құрылуы - келiсiмнiң маңызды тұсы болып табылады. Осыған орай, 2025 жылы Алматыда қаржы нарығын реттеу бойынша үкiмет үстi органын құру жоспарланып отыр», - деп Елбасы өз ойын толықтырды.

Оның айтуынша, қолайлы инвестициялық климат, Ислам қаржыландыруын одан әрi дамыту, бiрқатар Орта Азия мемлекеттерiнiң ортақ шекаралары сынды факторлар Алматының жаңа Жiбек жолы орталығына айналуына сенiмдi негiз болып табылады.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика