Адами капитал

ІІМ басшысы ХКҚ кеңсесінің өңірлік директорымен кездесті

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Оңтүстік-Шығыс, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ХКҚ кеңсесінің өңірлік директоры Рената Хельд ханыммен кездесуі болып өтті.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:40

Кездесу барысында Ішкі істер министрі Өңірлік директорды ІІМ қолға алған көші-қон саласындағы заңнамаларды жетілдіру, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды.

Р. Хельд ханым өз кезегінде Астанаға Еуразиялық экономикалық формуға қатысуға келгенін, осы сапар шеңберінде ҚР мемлекеттік органдарының бірқатар басшыларымен кездесу жоспарланғанын атап өтті. Кездесудің негізгі мақсаты - көші-қон саласындағы жағдаймен танысу, бұл бағыттағы ынтымақтастықтың алдағы басымдықтарын анықтау, деп ІІМ-де хабарлады.

Кездесу қатысушылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасты. Жекелей алғанда ХКҚ тарапынан ІІО қызметкерлері үшін көші-қон саласындағы құқықтық мәселелер бойынша оқу курстарын әзірлеу, әлемдегі көші-қон үдерістерінің даму тенденцияларымен таныстыру жөнінде бастама көтерілді.       

Екі тарап та көші-қон қызметі мен адам саудасына қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері үшін оқыту шараларын өткізу ісіне қызығушылық танытты.   




Яндекс.Метрика