Ұлттың денсаулығы

Қазақстандағы денсаулық сақтау электрондық жүйесінің болашағы зор – З. Сабич

Астанада VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» панельді отырыс аясында алғашқы медициналық-санитарлық жүйенің және денсаулық сақтау саласын ақпараттандырудың мәселелері талқыланды.
Астана қаласы23 Мамыр , 11:12

Шара барысында қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру саласындағы өзара тәжірибелерімен алмасты, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

«Қазақстанда электронды денсаулық сақтау жүйесі енді-енді дамып келеді және мамандардың алдына қыруар шару тұр. Ал, осы күнге дейін істелген жұмыс нәтижесіне қарай, бағдарлама болашағынан көп нәрсені күттіреді деп сенімді айтуға болады», - деп Дүниежүзілік банктың  консультанты Златан Сабич өз бағасын берді.

Сонымен қатар, ол елімізде жоспарланып отырған электронды төлқұжат жүйесін де тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда барлық ақпарат бір емхана, бір аурухана деңгейінде сақталып келеді. Алайда, болашақта барлық ақпарат республикалық деңгейге көтеріліп, баршаға ортақ жүйеде сақталады.

Дәл осындай жағдайда мәліметтер дұрыс пайдаланылмақ. Сонымен қатар, сараптамалық, статистикалық жүйеде қолданысқа енеді. Бұл министрлікке нақты, дұрыс ақпаратты жинауға және денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп сарапшы өз ойын түйді.  




Яндекс.Метрика