Халықаралық интеграция

Ресей, Франция және Испаниямен әскери саладағы ынтымақтастық ҚМ-де талқыланды

Қорғаныс министрі Серік Ахметов «KADEX - 2014» үшінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Астана қаласы23 Мамыр , 10:27

РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу барысында әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп ведомствода хабарлады.  

Екі тараптың пікірінше, ҚР мен РФ арасындағы әскери және әскери-техникалық саладағы өзара сәтті іс-қимылдар үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Франция ҚМ делегациясын бастап келген қару-жарақ генералы Жан-Кристоф Нуромен кездесу кезінде ҚР Қарулы Күштерінің қару-жарағын жетілдіруде екі елдің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді.

Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың перспективалары испан тарабының өкілдері - «Grupo AGEM» компаниясының президенті Педро Эрмосильямен және қорғаныс экс-министрі Хосе Боно Мартинаспен кездесу барысында талқыланды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика