G-global

АЭФ аясында G-Global жобасын қолдау мақсатында түрлі акциялар өтеді (ФОТО)

VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция барысында, 21-23 мамыр күндері Тәуелсіздік сарайында «G-Global» Жобасын қолдау мақсатында «Біз G-Global-ды қолдаймыз» атты акциясы ұйымдастырылуда.
Астана қаласы 23 Мамыр, 10:16

Астана қаласының жастары  G-Global логотипі бейнеленген футболкалар мен қалпақтар киіп, әлем картасы көрсетілген стендтердің алдында форум келушілері мен қонақтарын G-Global жобасымен таныстыруда,деп ұйымдастырушылар хабарлады.

Стенд жанында студенттер G-Global жобасы туралы ақпарат беріп, жобаның артықшылықтарын тілге тиек етеді.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар картада  өз мемлекеттерін арнайы жалаулармен белгілейді. Жоба әлемдік қаржылық дағдарыстан  шығу жолдарын іздестіретін тетіктерді табу, талқылауға және дағдарысқа қарсы  жолдарды іздестіретін  қатысушылардың санын арттыруға бағытталғандығын айтқан жөн. 





Яндекс.Метрика