Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында жыл басынан бері 600-ден астам спорттық шара өткізілді

Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Н. Патюткин аймақтағы спорттың даму барысымен бөлісті.
Астана қаласы23 Мамыр , 09:42

Өңірде 1,1мыңнан астам дене шынықтыру ұжымы жұмыс істесе, онда 160 мыңнан астам адам тіркелген.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, спорттық ұйымдар жаттығулары үшін 2 мыңнан астам арнайы ғимараттар бар. Айта кетерлік жайт, 2014 жылдың басында Атбасар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақкөл ауданында жүзу бассейні халықтың игілігіне берілді.

Бұдан басқа, 2015-2016 жылдар аралығында аймақтың  Қорғалжын, Егіндікөл және Астрахан аудандарында 3 спортық кешен пайдалануға беріледі жеп жоспарланған.

«Ал, спорттық шараларға келетін болсақ облыста 2014 жылдың 1 тоқсанында 600-ден астам шара өткізілді», - деді Н. Патюткина.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика