Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

Қазақстанның болашақта беделі арта түсетін болады

Бүгін өткен «Песрпектива-2050» баяндамасының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының директоры Екатерина Шипова осылай деп мәлімдеді.
Казахстан01 Қазан , 00:00

«Әлемдік деңгейде өз беделін жоғалтуы мүмкін және жетістікке қол жеткізуге үміткер мемлекеттер бар. Өз ықпалын жоғалтуы мүмкін елдер арасында, өкінішке орай Ресей бар. Ал жетістікке үміткерлердің арасында Қазақстан бар. Сонымен қатар, жеттістікке үміткерлердің арасында Еуропадан тек қана Польшаның болуы қызықты жайт. Қалғандарына келетін болсақ, олар Латын Америкасы, Азия мен Африкадан. Яғни, дамушы мемлекеттер», - деді Шипова.

Оның айтуынша, мемлекеттердің өз беделін төмендетіп алуына әлемдегі өзгерген трендтерді түсінбеушілік пен икемділіктің жетіспеушілігі болып отыр.

«Елдің әлемдік беделінің артуына  индустриалдану, ішкі саяси тұрақтылыққа қатысты мәселелердің шешілуі, ал ислам мемлекеттері үшін діннің экономикаға әсерін төмендету өз септігін тигізетін болады», - деп толықтырды ол.  




Яндекс.Метрика