Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстан мен БАӘ қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары минстрі Нұрлан Қаппаров Біріккен Араб Әмірліктері қоршаған ортаны қорғау және су министрі Рашид Ахмед бин Фахдпен кездесті.
Астана қаласы23 Мамыр , 09:28

Табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары «жасыл» экономикаға көшу аясындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері, су ресурстары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару салаларына инвестиция және технологиялар тарту мәселелерін талқылады, деп ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

Сонымен қатар экология министрлері жануарлар әлемін ұдайы өсіру ісіндегі ықпалдасыдың, мысалға, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылына 5000 дуадақ өсіру мүмкіндігі бар орталығының құрылысы жобасының жүзеге асырылуы және сұңқарларды табиғат аясына жіберу  сынды жобалардың сәтті жалғасуын атап өтті.

Келіссөздер соңында Нұрлан Қаппаров пен Рашид Ахмед бин Фахд Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БАӘ қоршаған ортаны қорғау және су министрлігінің арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсінушілік меморандумына қол қойды. 




Яндекс.Метрика