Халықаралық интеграция

Бауыржан Байбек Ливан және Еуропаның саяси партиялары өкілдерімен кездесті

Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Ливанның «Аль-Мустакбаль» («Болашақтың қозғалысы») партиясының парламенттік тобы жетекшісі, Ливанның бұрынғы премьер-министрі Фуад Синиорамен кездесуі өтті.
Астана қаласы23 Мамыр , 09:13

Ф.Синиора бастаған Ливан делегациясы  елімізге осы күндері Қазақстанның елордасында өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумына қатысу сапарымен келіп отыр,деп «Нұр Отан» партиясының ресми порталы хабарлады.

Кездесу барысында тараптар қазақстан-ливан қарым-қатынастарының даму динамикасын сөз етіп, партияаралық диалогты жолға қою қажеттілігін атап өтті.

«Біз үшін центристік идеяға жақын либералдық құндылықтарды ұстанатын «Аль-Мустакбаль» партиясымен байланыстар орнату өте маңызды. Біздің партия өткен жылғы жүргізілген ребрендингтен кейін центристік партияға айналды. Күні кеше ғана «Христиан-Демократиялық Одағы» өкілдерімен, Конрад Адэнауэр атындағы қордың өкілдерімен кездестік.  Біз Еуропа халықтық партиясымен, ҚКП, «Сэннури», «Единая Россия» және өзге де партиялармен тығыз жұмыс жасаудамыз. Ең басты міндетіміз -  қоғамның сенімін қалыптастыру, ол біздің билеуші партия ретіндегі жауапкершілігіміз болып табылады», - деп атап өтті кездесуде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Ливаннан келген қонақтар партияның XV Cъезінде қабылданған «Нұр Отан»  Доктринасының тарихи маңыздылығын атап өтті.

«Сіздердің елдеріңізде Президенттеріңіздің саясаты арқасында бейбітшілік, тыныштық пен келісім орнаған. Ливан мен Қазақстанның көзқарасы ұқсас. Біздердің тәуелсіздік, отбасы, салт-дәстүр, елдің еркіндігі мен бірлігін сақтау секілді ұқсас құндылықтарымыз көп. Бұған дейін экономикалық және саяси ынтымақтастықты орнаттық, енді өзге салаларда өзара қарым-қатынасты дамытуымыз керек», - деді кездесу барысында Ливанның «Аль-Мустакбаль» партиясы парламенттік тобының жетекшісі Фуад Синиора.

Сонымен қатар, бүгін Бауыржан Байбек  Еуропа халықтық партиясының вице-президенті, Еуропа Парламентінің депутаты Марио Дэвидпен кездесті. Кездесу барысында центристік идеологияны ұстанатын еуропалық партиялармен ынтымақтастықты, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының консервативтік, лебарал-консервативтік идеологияны ұстанатын оңшыл саяси партиялар бірлестігі -Халықаралық Демократиялық Одақпен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. 




Яндекс.Метрика