Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: Әкімдер сайлауы

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы22 Мамыр , 19:59

Жергілікті әкімшілік жетекшілерін тікелей немесе қосымша дауыс беру арқылы сайлау.

Алғашқы рет әкімдерді сайлау әдісі 1999 ж. мамырында Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының әкімін сайлау барысында қолданылған еді. Әкімдерді сайлау бойынша сынақтар 2004 және 2005 жылдары да жалғасқан болатын. Әкімдерді сайлау мәселесінің 2006 ж. жаңа кезеңге аяқ басуына аудан және облыстық деңгейдегі қалалар әкімдерінің 30% сайлау туралы қаулының қабылдануы ықпал етті. Нәтижесінде 2006 ж. сайлаудан соң 2005 ж. сайлаудан өткендермен қоса есептегенде аудандық деңгейдегі халық сайлаған әкімдер саны 63-ке жетті, бұл олардың жалпы санының үштен бірі болатын. 2007 ж. саяси дамудың маңызды шектік кезеңі болды, онда жаңа конституциялық түзетулер енгізілді және осыған қатысты кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілген болатын.

Өз бастауын 2000 ж. алатын ұзақ мерзімдік қоғамдық-саяси пікіралмасудың аясында Саяси реформаның бағдарламасы жасалынды. Алғашында саяси жаңғыртуға қатысты мәселелер Азаматтық қоғамды бұдан ары демократияландыру және дамыту    бойынша    ұсыныстар    қалыптастыру жөніндегі тұрақты әрекет ететін кеңес аясында талқыланды (2002–2004 жж.). Сосын оның орнына Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды (2004–2006 жж.). Келесі кезекте Саяси реформалар бағдарламасын жасау және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды (2006–2007 жж.).

Аталынған комиссиялардың ұсынысы бойынша әкімдерді жергілікті өкілетті органдардың алдын-ала келісімінен соң тағайындау нормасы енгізілді.

Әкімдерді сайлауды енгізуге қатысты келесі қадам «Қазақстан-2050» стратегиясы негізінде, ауыл әкімдерін сайлауды өткізу сұрақтарының көтерілуіне қатысты жасалынды.

ҚР Президентінің 2013 ж. 24 сәуіріндегі № 555 Қаулысында аудандық мәндегі қалалар әкімдерін, ауылдық округтердің, және де ауылдық округтерге кірмейтін қыстақтар мен ауылдар әкімдерін сайлауды өткізу тәртібі бекітілген болатын. Аймақтар бойынша талапкерлерді ұсыну 2013 жылдың 14 шілдесінде аяқталды. Барлығы 7162 талапкер ұсынылған болатын. Сайлау нәтижесі бойынша 2457 әкім сайланды, оның ішінде аудандық мәндегі қала әкімдері – 47 талапкер, ауылдық округ әкімдері – 2101, қыстақтар әкімдері – 119 және 190 ауыл әкімі бар. Сонымен бірге үш ауылдық округте алғашқы айналымда жеңімпаздарды анықтау мүмкін болмады.

Бір айта кетерлігі, Қазақстанда таңдап алынған жергілікті әкімшілік басшыларын сайлау үлгісі дамыған елдердің тәжірибесінде бар үрдіс. АҚШ-тың қалалық әкімшіліктерінің жартысынан көбінде билік органдарының жүйесі жергілікті кеңестер арқылы мэрлерді қосымша сайлау үлгісіне негізделген.

Әкімдікке барлығы 7162 талапкер ұсынылып, оның 6738-і тіркеуден өтті. Шамамен бір әкімнің орнына екі талапкерден болған. 37 әкімшілік-территориялық бірлікте әкімдікке талапкерлер бір дауыс артық жинау арқылы жеңіске жетті.

Алдын-ала мәліметтерге сәйкес республика бойынша сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 98,3%, Жамбыл облысында сайлаушылар отырысына тізімге енген барлық маслихат депутаттары қатысқан.

Әкімдер сайлауы Қазақстан Республикасының 2457 ауылдық мәндегі қалаларында, ауылдық округтерінде және де ауылдық округ құрамына енбейтін қыстақтар мен ауылдарда өтті.

Сайланған әкімдер арасында 23 ұлт өкілдері бар. Әкім қызметіне 280 немесе 11,4% әйел заты сайланған, бұл бұрынғыдан 32 адамға артық. Әйел-әкімдердің саны Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында шамамен 6% артқан.

Орталық сайлау комитетінің басшысы Қ. Тұрғанқұловтың мәлімдеуінше, әкімдердің орташа жасы 47 жас. Олардың ішіндегі басым бөлігінің жасы 55-ке дейінгі адамдар, бұл әкімдер корпусының 80,3% қамтиды.

Жалпы алғанда, әкімдер құрамы жасарған. Сайланған әкімдердің ең жасы – Павлодар облысы Жанғара ауылдық округының әкімі 25 жаста. Бұрын бұл жастағы әкімдер саны 74,5% болатын.

Сайланған әкімдер ішінде 627 немесе 25,6% педагогтер, 501 немесе 20,4% – ауыл шаруашылық мамандары, 417 немесе 17% – инженерлер, 367 немесе 14,5% экономистер, 281 немесе 11,5% заңгерлер, 271 немесе 11% – басқа да мамандық иелері.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.




Дерекнама

Яндекс.Метрика