Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Машина жасау өнімінің көлемі 2014 жылы 1,1 трлн теңгені құрайды – М.Пішембаев

Машина жасау өнімінің көлемі 2014 жылдың соңына қарай 1,1 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы «Қазақстан. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: қағидалары мен әдістері» панельді сессиясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның машина жасау одағы» басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев мәлімдеді
Астана қаласы22 Мамыр , 18:20

«2010 жылдан бастап біз ҮИИД МБ-1 іске асыра бастадық. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина құрылысы өнімінің  көлемі 850 млрд теңгені құрап, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн 100 млрд теңгеге жетеді деп күтудеміз», - дейді М.Пішембаев.

Оның айтуынша, бұл машина құрылысы, транспорттық машина құрылысы, мұнай-газ машина құрылысы, тау-кен рудасы, ауыл шаруашылығы, энергетикалық жән өзге де салалардың арқсында мүмкін болып отыр.

«Қазақстанда машина жасау саласының өндірісіне барлық жағдай жасалған. Біздің елде саланың іргетасы берік қаланған. Нәтижесінде бүгінде елде тепловоз бен электровоздар шығарылады. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында машина  жасау секторы алдағы қарқынды дамуына айтарлықтай алғышарт қалыптастырды», - дейді ол.

«Қазіргі таңда біздегі жүздеген кәсіпкерліктер индустрияландырудың екінші бесжылдығына біртіндеп өтіп жатыр. Енді біз екінші кезеңде өндіріс көлемін еселеп арттырамыз», - дейді М.Пішембаев.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика