Халықаралық интеграция

Қазақстан өз бейімділігін тиімді пайдалануы керек – К.Мәсімов

Тұрақты даму үшін Қазақстан өз бейімділігін тиімді пайдалануы керек. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов VII АЭФ «Көшбасшылар Диалогы» панельді сессиясында мәлімдеді.
Астана қаласы22 Мамыр , 18:16

 «Алдағы онжылдықта біздің стратегиялық әріптесіміз Ресей Батысқа қарағанда Шығыспен арадағы ынтымақтастыққа басымдылық беретініне куә боламыз. Осы орайда Ресей мен Қытай арасындағы геосаяси ерекшелікке ие Қазақстан арқылы екі арадағы тауар айналымына алтын көпір болмақ», - дейді К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, біз тұрақты даму үшін өз бейімділігімізді тиімді пайдалануымыз қажет.

Сонымен қатар, ол бір аптадан кейін Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қойылатынын еске салды.

«Қазақстан өз тәуелсіздігін сақтап қала бермек. Биыл біз ДСҰ-ға енуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта осы одақпен ынтымақтастық келісімін құрамыз. Қазақстан ЕАЭО құрамында бола отырып Қытаймен арадағы байланысты да нығайтуға мүдделі», - дейді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика