Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИД-2 бойынша ҰКП мен Үкімет бірдей жұмыс атқарады – А.Праздничных

Бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы «Қазақстан. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: қағидалары мен әдістері» панельді сессиясында «Strategy Partners» компаниясы серіктестігі, «Мемлекеттік коммерциялық емес ұйым» тәжірибеші жетекшісі Алексей Праздничных ҮИИД-2 аясында ҰКП және Қазақстан Үкіметі бірдей қызмет атқаратынын айтты.
Астана қаласы22 Мамыр , 17:54

«Соңғы 4 жылда өндірісті қолдаудың саясаты өнімнің не екенін жете түсініп, технологияларды пайдалана отырып дүние жүзін шарлап шыққан нақты өндіріспен айналысатын кәсіпкерлердің бірқатарына әсер ете бастады.Сол себепті біз «Атамекен» және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен екінші бесжылдықта әріптестік қағидаларына келістік», - дейді А.Праздничных.

Оның айтуынша, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында жүйелі шаралардан бөлек министрліктің жауапкершілігіндегі барлық бастамаларға мониторинг жүргізіледі.

«Енді Үкімет инвестициялық келісімнің ірі жобаларын қолға алып, кейбір міндеттемелерді мойнына алады: жол салу, несие беру, зертхана салу секілді. Сонымен қатар, Үкімет тек өз құзіретіндегі мәселелерге ғана жауап береді. Ал өнім сапасына кәсіпкерлік жауап береді», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика