Инвестициялар

Е. Досаев «PatentesTalgo» компаниясының бас директорымен кездесті

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев «PatentesTalgo» компаниясының Бас директоры Хосе Мария Ориоль Фабрамен кездесті.
Астана қаласы22 Мамыр , 17:41

Экономика министрлігінің басшысы Испания Қазақстан үшін стратегиялық маңызды сауда-экономикалық серіктес болып табылатындығын атап өтті, деп ҚР ЭБЖМ-де хабарлады.

Қазақстан-испан қарым-қатынастары тұрақты түрде дамып келеді.ҚР ЭБЖМ басшысы атап айтқандай, 2013 жылы екі ел арасындағы сауда айналым 2,4 млрд. $ құрады, ол деген 2012 жылға қарағанда 2,4 есе артық екендігін көрсетеді. 2005 пен 2013 жылдар аралығында Қазақстанға Испаниядан тікелей инвестиция ағыны 170 млн. долл. құрады. Қазақстанның испанияға құйған инвестиция көлемі 10 млн.долл. құрады.

ЭБЖМ басшысы испандық компаниялар мен ынтымақтастықтың маңыздылығын айрықша атап өтті, соның ішінде  тұрғындарға сапалы темір жол тасымал қызметін көрсететін «PatentesTalgo» ерекше орында болып табылады.

Сонымен қатар, шетелдіктерге тауарлы ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу үшін инвестицияларды салғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру мерзімдерін ұлғайтылатын болады.

«Испания әлемдегі бірден бір ірі инвестор болғандықтан, біз Қазақстандағы инвесторлық қызметін белсендіре түсетінің күтеміз»- деп айрықша атап өтті Ерболат Досаев.
 




Яндекс.Метрика