Евразиялық одақ

ЕАЭО қазақстандық ғарыштың дамуына қолдау көрсетеді – Е. Шаймағамбетов

Қазғарыш төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов ЕАЭО қазақстандық ғарыштың дамуына тигізетін үлесі туралы мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 18:28

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі (ҰҒА) көптеген елдермен халықаралық ынтымақтастықты  белсенді жүргізуде. Жеті жыл ішінде ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы туралы 16 базалық келісімдерге қол қойылды.

Бес келісім (Украина, Ресей, Израиль, Франция және Қытай) үкіметаралық мәртебеге ие, қалған он біріне мемлекеттердің ғарыш ведомстволары қол қойған. Бұл Үндістан, Жапония, Германия, Республика Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Саудя Аравиясы Корольдігі, Таиланд, Ұлыбритания, Швеция, Нидерланды елдерінің ғарыш агенттіктері мен орталықтары.

Қазғарыш төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетовтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) құрылуы Қазақстанның ЕЭО мүше-елдерімен ғана емес, уағдаластықтары бар басқа да мемлекеттермен ғарыш саласындағы ынтымақтастығына қолдау көрсетеді.

Нақты айтқанда, сөз ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде әкелінетін (әкелінген) тауарларға тарифтік жеңілдіктер, сондай-ақ ғарыш аппараттарды ұшыру бойынша қызмет көрсету туралы қозғалуда. Бұған қоса, Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден келетін тауарлар кедендік әкелім бажын төлеуден босатылады.

«Біздің жағдайда, бұл Қазақстан тапсырысы бойынша Ресейден ғана емес, мысалы бізбен бірқатар ірі ғарыш жобаларын бірлесіп жүзеге асырып жатқан Франциядан ғарыш техниканың әкелуіне қатысты екен. «KazSat» спутниктік байланыс жүйесін, ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру секілді қымбат бағалы жобалары үшін бұндай артықшылықтары мемлекеттік бюджетке елеулі қолдау көрсетуді білдіреді», - түсіндірді Е.Шаймағамбетов.

Ағымдағы жыл ішінде Қазғарыш сондай-ақ Беларусь Республикасымен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика