Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Жаңа бағдарламаның негізгі салаларын қолдауға 80% ресурс бағытталады – Ә. Исекешев

Бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы «Қазақстан. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: қағидалары мен әдістері» панельді сессиясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ҮИИД-2 негізгі салаларын қолдауға бағдарламаның 80% қаржы ресурсы бағытталатындығын айтты.
Астана қаласы22 Мамыр , 17:15

«Бізде 80 пайыз қаржы ресурсы 14 негізгі сала жобасының қолдауына бағытталуы тиіс. Ал, егер де қызықты жобалар туындап жатса оларға қалған 20 пайыз жіберіледі. Олардың қолдауға сәйкес өнімділігі де жоғары болуы қажет. Біз фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп салаларын қарастырдық, бұл салалар міндетті түрде қолдауға ие болады», - деді Ә. Исекешев.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- индустрия және жаңа технологиялар министрі қолдау көрсетілетін 3 саланы атап өтті.

«Біріншіден, бұл- салалық сектор. Аталмыш аймақ техрегламенттердің анықталуы арқылы қолданатын болады. Өңірлік дәреже бойынша да аймақтық салалар қолдауға ие болып, бюджет есебінен олардың индустриялды аймақтары қаржыландырылады», - деді Ә. Исекешев.

Сондай-ақ, ол қолдаудың үшінші тобын да айтып өтті. «Бізде «Бәйтерек», «Даму» сынды қаржы институттары кез келген кәсіпорынды қолдайды. Дегенмен, басым бөлігі негізгі салаларға бағытталады», - деді ол.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика