Ұлттың денсаулығы

Электронды денсаулық сақтау автоматтандырылған ақпарат жүйесіне жол ашады – Б.Төкежанов

2020 жылға қарай ҚР электронды денсаулық сақтауын іске асыру автоматты ақпарат таратуына жол ашады, деді Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Б.Төкежанов VII Астана экономикалық форумы аясындағы панельді сессия отырысында.
Астана қаласы22 Мамыр , 17:03

«Электронды денсаулық сақтауды дамыту және іске асыру тұжырымдамасы бойынша 2020 жылға қарай еліміздегі бұл сала уақытылы, өзекті және шынайы ақпарат алудың автоматтандырылған жүйесімен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Ал шара ең алдымен науқас пен медицина қызметкерінің мүддесіне бағытталатын болады және оның басты элементі – ел азаматтарының электрондық денсаулық төлқұжаты болуы тиіс», - дейді Б.Төкежанов.

Осылайша қабылданатын жаңа әдіс медициналық көмек көрсету мәселелерін бірінші кезекке шығарады.

«Клиникалық шешім қабылдап, медициналық қателіктердің алдын алатын және көрсетілетін көмек сапасын арттыратын ақпарат беруді қамтамасыз етуіміз қажет. Тұжырымдаманың іске асырылуы барлық тиісті тараптың қызығушылыын тудырады», - дейді ол.

Сонымен қатар, электронды денсаулық сақтаудың орталық элементі денсаулықтың электронды төлқұжаты болуы керек. Осы тұрғыда «пациенттің ақпараты» ұстанымы болады. Бұл қаралған уақыт пен жерден тәуелсіз түрде емдеу шаралары мен диагностикалық жұмыстарды жүргізу туралы ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.

«Өңірлік деңгейге уақыт өте келе медициналық ақпараттық жүйені пайдалану мен енгізу және таңдау қызметі біртіндеп берілмек», - дейді вице-министр.

Жалпы, министрлік тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарын ынталандыру механизмдері қарастырылады. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика