Ұлттың денсаулығы

Ұлттық скринингтік бағдарлама 30%-дан астам қазақстандықты қамтыды - Э.Байжүнісов

Ұлттық скринингтік бағдарлама Қазақстан халқының 30% қамтыды, деп ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов VII АЭФ аясындағы пленарлық отырыста мәлім етті.
Астана қаласы22 Мамыр , 16:47

«Ауруды бастапқы кезеңде анықтағандық  бастапқы кездегі  скрининг болып табылады. Скринингтің үш түрі Қазақстанда алғаш рет 2009 жылы енгізілді. Қатерлі ісікті бірнеше түрін және  артериалды гипертензияны бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік берді. Бүгінде Ұлттық скринингтік бағдарламаның  11 скрининг түрі бар, олардың 6 онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Айта кетерлік жайт, ҰСБ Қазақстан халықының 30% қамтыды», - деді Э. Байжүнісов.

Сонымен, 2013 жылы 879 мыңнан астам балалар мен үлкендерде алғаш рет ағзадағы ауытқулар анықталған.

«Жүргізілген скрининг онкологиялық аурулар 1370 адамда бастапқы кезеңде,  67400 науқастың дерті ісік алды кезеңінде анықталды», - деп ол өз ойын толықтырды.

Вице-министр атап өткендей, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінде БМСК нығайтуға және нәтижеге негізделген БМСК  медициналық-әлеуметтік желісін құруға бағытталған.

«Қазіргі таңда МСК дәрігеріне 2 медбикеден берілген. Соынмен қатар, әлеуметтік қызметкерлер, психолог мамандарда енгізілді. Олардың саны еліміз бойынша бүгінде 2700 адамға жетті», - деп вице-министр өз ойын түйді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика