Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИД-2 аясында толық қамтылатын 6 сала анықталды

Бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы «Қазақстан. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: қағидалары мен әдістері» панельді сессиясында ҚР Премьер-Министрі орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ҮИИД-2 аясында максималды қамтылатын 6 сала анықталғанын айтты.
Астана қаласы22 Мамыр , 16:36

«Біз басым салалар санын қысқарттық. Өңдеуші өнеркәсіп түрлері бойынша 6 сала дайындалып, соның ішінде 14 сектор айқындалды. Бұл өз кезегінде нақты нәтижелерге мемлекеттің қолдауына жағдай жасайды», - дейді министр.

Оның айтуынша, басым секторларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады.

«Бірінші кезең – сараптама үшін салалық секторлардың тізімін құру, екіншісі – осы секторларды бағалау үшін факторларды іріктеу, үшінші кезең- қалыптамалық сараптама мен басым секторлардың тізімін құру», - дейді ол.

Тағы бір талап – Қазақстанда салалық өнімдердің  болуы.

«Осы сараптама нәтижесінде 41 салалық сектор алынып, олар бірінші кезеңнен өтті», - дейді Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, түрлі сараптамалық бағалауларды өткізгеннен кейін және үш топ сараптамасынан кейін дамудың жоғары әлеуетіне ие 14 басым сектор анықталды.

Өнеркәсіптің 6 саласына қара металлургия, түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, тамақ өнеркәсібі өнімі, агрохимия, автотранспорттық құралдар мен қосалқы бөлшектер өндірісі, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі, тау-кен өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндірісі машинасының  құрылғылары кіреді. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика