Евразиялық одақ

ЕАЭО ұстанымы құрылыс саласына инвестиция тартуға септігін тигізеді - С.Ержанов

ЕАЭО-ның бірыңғай ұстанымы құрылыс саласына инвестиция тартуға септігін тигізеді, деп ЕАЭО туралы Келісім жайлы ойымен «ҚазҚҒЗИ» АҚ бас директорының орынбасары Сырымғали Ержанов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:04

«Мамыр айының соңында Қазақстан, Ресей, Белоруссия мемлекеттірінің президенттері ЕАЭО туралы Келісімге қол қояды. Осы Келісімнің маңызды бөлігі «Техникалық реттеу» болып табылады. Оның жалпы принциптері архитектуралық, қалақұрылысы және құрылыс қызметтерін ретейді. Осы принциптерді дамыту құрылыс саласындағы кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді», - деді С. Ержанов.

Сонымен қатар, құрылыс саласы нарық талабына сәйкес үлкен техникалық және технологиялық деңгейде жоғары қуаттылыққа қол жеткізеді, деп ол атап өтті.

Бұдан басқа, ЕАЭО аясындағы құрылыс саласы бойынша бірыңғай тәсілдер Қазақстанда дамымаған кейбір салалар бойынша ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерге қол жеткізеді.

«Сондай-ақ, бірыңғай стандартардың артықшылығы ол ҚР құрылыс саласына инвестиция тартуда септігін тигізеді», - деді сарапшы.




Яндекс.Метрика