Ұлттың денсаулығы

Халықтың денсаулығын қорғау саласында жаңа міндеттер туындайды – С. Қайырбекова

VII Астана экономикалық форумы аясында «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» тақырыбында панелдік сессия өтіп жатыр, ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қатысушыларға қазақстандықтар денсаулығының негізгі көрсеткіштері туралы әңгімелеп берді.
Астана қаласы22 Мамыр , 16:14

«Әлем бір орында тұрмайды. XXI ғасырдың басы халықаралық денсаулық сақтау архитектурасы саласында  маңызды міндеттер туғызуда. Оның басты негізі салааралық ынтымақтастықты дамыту мен халық денсаулығын қорғауға белсенді араласу», - деді С. Қайырбекова.

Оның айтуынша, осыдан 35 жыл бұрын қабылданған БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясы мен Балалар қоры қазіргі таңда негізгі бағыт болып есептеледі.

Айта кетейік, Женевада Үкімет пен ДСҰ арасында Алматы кеңсесін құру келісіміне қол қойылды.

ДСМ басшысының айтуынша, аталмыш кеңсенің ашылуы Еуропалық аймақтық кеңсеге мүше елдерге денсаулық сақтау саласында халықаралық жобаларды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика