Евразиялық одақ

ҰКП ЕАЭО туралы келісімге 120-дан астам өзгеріс енгізді - Р.Ошақбаев

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге 120-дан астам өзгерістерді енгізді. Бұл туралы ОКҚ «Интеграциялық процесстер» тақырыбымен өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.
Астана қаласы 22 Мамыр, 16:09

«Өткен жылдың қарашасынан бастап Ұлттық палатаға шарттың мәтіндері келе бастады.  Бұл мәтіндер палатаның ресми сайтында жарияланып, талқыға салынып тұрды. Барлығы келісімнің 6 редакцияланған үлгісі жарияланды. Оның соңғы дұрыс нұсқасы, яғни 29  мамырда қол қойылады деп күтіліп отырған нұсқасы палатаның 15 мамырынан бастап сайтында жарияланған. Бұл біздің қазақстандық кәсіпкерлерге, жалпы бизнес қауымдастыққа құжатты толығымен зерттеуге, өзінің ұсыныстары мен пікірлерін беруге мүмкіндік берді», - деп Рахым Ошақбаев ағынан жарылды.

Оның айтуынша, ілкімді істі іске асыру барысында ҰКП сарапшылары 30-дан аса жұмыс кездесулерін өткізген. Тіпті, Астана, Мәскеу және Минск қалалаырндағы сарапшылар топтарының отырыстарына қатысқан.

«Нәтижесінде,  келісім шарттың барлық бөлімдері бойынаш Палата Үкіметке ресми түрде 120-дан аса ескертулер мен ұсыныстарын жіберді. Айта кетерлік жайт, оның 90%, яғни бизнес ұсыныстардың басым бөлігі отандық келіссөз тобының ресми позициясы», - деді Рахым Ошақбаев.

Сонымен қатар, Рахым Ошақбаев Үкіметтің Ұлттық палата өкілдеріне келіссөздерге қатысуға, келісім баптарының редакцияларын жасауда сараптық деңгейде тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.

Мөлдір Асқар 





Дерекнама

Яндекс.Метрика