Инфрақұрылымның дамуы

Қазақстан - Түрікменстан - Иран теміржол желісі аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтеді- Е. Досаев

ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ирандық әріптесі - Иран Ислам Ресупбликасының экономика және қаржы министрі Али Тайебниамен келіссөз өткізді.
Астана қаласы22 Мамыр , 15:47

«Иран және Қазақстанның екі жақты ынтымақтастығы ғана күшеюде емес, сонымен қоса өнірлік сауда-экономикасын  ынтымақтастығы күшеюде, одан басқа  Қазақстан-Түрікменстан-Иран («Жанаөзен - Қызылғая - Берекет - Этрек - Горган») теміржол желісі бағдарының пайдалануға беруі өнірдін транспорттық-коммуникациялық жүйесінің тиімділігін  бірнеше есеге арттырады», - деді Е. Досаев.

«Көптеген өнірлік және халықаралық мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық әрекеттесуі бойынша Астана мен Тегеранның мүдделері түйіседі», - деп Ерболат Досаев атап өтті.

Иран теміржолының құрылыс жұмыстары аяқталды, деп ҚР ЭБЖМ-де хабарлады. Иран-Түрікмен шекарасындағы «Инче-Бурун» шекара бойындағы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

 




Яндекс.Метрика