Инвестициялар

Қорғаныс министрілігі «KADEX-2014» аясында 30 келісім орнатпақ

1,2 млрд долларды құрайтын 30 келісімді Қорғаныс министрлігі Астанада өтіп жатқан «KADEX-2014» халықаралық қару-жарақ пен әскери мүлік көрмесінде орнатпақ, деп ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық департаментінің бастығы Талғат Жанжүменов мәлімдеді.
Астана қаласы22 Мамыр , 15:12

«Көрме аясында 32 келісім мен меморандумды орнату жоспарланған. Әзірше 1 млрд 200 млн доллар тапсырысының портфелін бағалап отырмыз. Бұл біздің әскерге әскери техниканы алу саласына ғана емес, сондай-ақ, халықаралық, зауытаралық кооперациялардың арасында ынтымақтастық жүргізуге бағытталады», - деді Т. Жанжүменов.

Оның айтуынша, Қазақстанға инвестиция тарту бойынша бірқатар жобалар қарастырылуда.

«Біз бірлескен кәсіпорынды құру сұрағын талқылаудамыз. Яғни, олар РФ еуропалық серіктестер мен түркиялық қорғаныс кәсіпорындарымен келісім жүргізу мақсатына көзделген», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика