Евразиялық одақ

Б.Жақсалиев: ЕАЭО электр энергетикалық нарығын құру бойынша келісімге қол жеткізілді

Қазіргі таңда Кедендік одақ пен ЮЭК аясында ынтымақтастықтың барлық бағыты, соның ішінде электр энергетика саласы бойынша да интеграция процестері жүріп жатыр, деді ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.Жақсалиев VII Астана экономикалық форумы барысында.
Астана қаласы22 Мамыр , 15:36

«Үш елдің электр энергетикалық салалары интеграциясының тарихы тереңде жатыр. Алайда қазіргі таңда ортақ электр энергетикалық нарық туралы сөз қозғау әлі де болса ертерек. Оған себеп электр энергиясы нарығының түрлі  пішіндерінің жұмыс істеуі», - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда  либералды электр энергия нарығы қалыптасса, Беларусьте мемлекеттік вертикалды интеграцияланған компания, ал Ресейдегі бұл нарық торапты баға құрушы қуаттылыққа ие.  

«Жыл бойы сарапшылар электр энергиясы саласының барлық мәселелерін түбегейлі зерттеді. Барлық позициялар мақұлданып, қатар жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйенің негізінде ортақ электрэнергетикалық нарығын кезең-кезеңімен құру бойынша келісімге қол жеткізілді. 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикалық нарықты құру  Тұжырымдамасы дайындалады. Ал 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ нарық құру бағдарламасы дайындалады. Бағдарлама шараларын орындағаннан кейін мүше мемлекеттер 2019 жылдың 1 шілдесінен қалмай желілерді қолданудың бірыңғай ережесін қамтитын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын құру туралы халықаралық келісім құрады», - дейді вице-министр. 

Қазіргі таңда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, 2019 жылға дейін техникалық мүмкіндіктер шегіндегі мемлекетаралық тасымалды жүзеге асыру үшін желілерге кедергісіз қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика