Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

АЭФ аясында мемлекеттік қызмет жүйесінде персоналды басқару сессиясы өтті

Бүгін елордада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумының аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі жүйесінде құзырлық негізінде персоналды басқару» тақырыбында панельдік сессия болып өтті.
Астана қаласы22 Мамыр , 14:47

Жиналғандарға қошемет көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асанов жаһандық диалог аясында адам ресурстарын басқарудың мәселелерін талқылау, ең адымен, қазіргі уақыт пен қоғам талабына жауап беретін мемлекеттік аппаратты тиімді қалыптастыру қажеттігімен негізделетінін атап өтті. 

Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментінің бастығы Роза Досымбекова атап өткендей, мемлекеттік қызметтің, соның ішінде прокуратура органдарының кадрлық әлеуетін сапалық жағынан жаңарту стратегиясы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу, кадрлық әлеуетті басқару мәселелерінде шетелдік озық тәжірибені енгізуді көздейді.

Сессия жұмысының барысында тиімді қадрлық қамтамасыз етуді жасаудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас болып өтті, деп ҚР Бас прокуратурасында хабарлады.

Атап айтқанда, персоналды басқару процесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру мен кәсіби дамыту, қызметкердің жұмысының тиімділігін бағалау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кадрларды жасақтау, еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету, корпоративтік мәдениетті және мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау, қызметкерлерді тәрбиелеу және уәждеу, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды бағалау мәселелері көтерілді.

Шақырылған қонақтар мен спикерлер ретінде сессияда Әзірбайжан, Армения, Грузия, Ресей, АҚШ елдерінің персоналды басқару саласындағы мамандары сөз сөйлеп, адам ресурстарын басқарудың жүйелері мен ұлттық модельдері туралы әңгімелеп берді.

 




Яндекс.Метрика