Ұлттың денсаулығы

Женевада Алматы ДСҰ кеңсесін ашу жөнінде келісімге қол қойылды

2014 жылғы 19-20 мамырда Женевада (Швейцария) өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 67-сессиясы барысында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасында Алматыда медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша ДДҰ жағрапиялық жырақтағы кеңсесін ашу жөнінде келісімге қол қойылды.
Әлемде22 Мамыр , 14:01

ҚР Үкіметі атынан Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, ДДҰ тарапынан ұйымның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб қол қойды.

Аталған келісім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 53 мемлекеттің іс-әрекетін үйлестіретін, Еуропа және Орталық Азия аумағындағы халықаралық ұйымның алғашқы ірі кеңсесін ашуға мүмкіндік береді, деп ҚР Денсаулық министрлігінде хабарлады.

Бұл өз кезегінде Қазақстанға 1978 жылы Алматыда қабылданған медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясына сәйкес аталған көмек түрінің әлем бойынша дамытуда беделді саясатын қалыптастыруға жол ашады.

ДДҰ жағрапиялық жырақтағы кеңсесінің ашылуы денсаулық сақтау саласында екіжақтық жобаны кеңейтуге, ғылыми-практикалық зерттеулерді, медицина мамандарына арналған тренингтерді өткізуге жағдай туғызады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика