Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астана әкімі мен Франция Елшісі ASTAINABLE жобасына қатысты меморандумға қол қойды (ФОТО)

Бүгін VII Астана экономикалық форум аясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Францияның Қазақстандағы Елшісі Франсис Этьен ASTAINABLE жобасын жүзеге асыру бойынша Астана қаласы әкімдігі мен EIFFAGE EGIS GDFSUEZ консорциумы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды.
Астана қаласы 22 Мамыр, 13:22

Құжаттың мақсаты – Астана қаласы аумағына арналған «Қаланың тұрақты дамуын 3D ынталандыру» жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастық негізін құру болып табылады.

«3D-құрал қала нысандарын бірлестіріп, қала коммуникациясын 3D картаға топтастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаладағы түрлі жағдайларды модельдеуге байланысты жобаларды іске асыруға жол ашады, сонымен қатар қосымша қолданбалы коммуникацияға байланысты түрлі жобаларды іске асырады. Бұдан бөлек бұл қала тұрғындарына, инвесторларға ашық ресурс ұсынады», - дейді Талғат Әшім.

Оның айтуынша, жоба тарихы өткен жылғы Астана экономикалық форумынан басталды. Онда аталмыш жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы Астана әкімдігі мен француз тарабы арасында келісімге қол жеткізілді.

«Француз тарабы аталмыш жобаға 3 млн еуро инвестиция тартуға дайын, бұл қаражат толықтай француз тарабынан бөлінеді. Ал қала әкімдігі бар болғаны жобаны іске асыру барысын бақылайды», - дейді ол.

Айта кету керек, консорциум Астана моделіне қызығушылық танытуда. Оны дайындау жұмыстарымен «Астана Innovations» АҚ жанындағы 3D технологиясы орталық айналысуда. 

Мадина Нұрбекова





Яндекс.Метрика