Халықаралық интеграция

Б.Сұлтанов пен Д.Панкин ЕурАзЭҚ дағдарысқа қарсы қорының мәселесін талқылады (ФОТО)

VII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Ресей Федерациясының Қаржы министрі Дмитрий Панкинмен кездесті.
Астана қаласы 22 Мамыр, 13:12

Дмиртий Панкин қазақстандық әріптесіне Ресейдегі экономикалық жағдай жайында айтып берді. Нақтысын айтқанда, жоспарланып отырған РФ бюджетін нақтылау мәселесі сөз болды. 

Ал,Б.Сұлтанов болса әңгіме барысында әріптесін Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдан хабардар етті. Сондай-ақ, Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы жайы талқыланды, деп Қаржы министрлігінде хабарлады.

Сөз соңында тараптар Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қарасты дағдарысқа қарсы қорының жұмысы және Еуразиялық даму банкі жайында пікір алмасты. 

 





Яндекс.Метрика