Халықаралық интеграция

Қазақстанда ОААЭЫ-ның 15 жобасы жүзеге асуда - Т. Жақсылықов

Бүгінгі таңда Қазақстанда ОААЭЫ 15 жобасы жүзеге асырылуда, деп VII АЭФ аясында аймақтық экономикалық ынтымақтастық тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстелде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов ағынан жарылды.
Астана қаласы22 Мамыр , 12:51

«Бүгінгі таңда Қазақстанда ОААЭЫ 15 жобасы жүзеге асырылуда. Әлемдік бизнестің жаһандану жағдайында Қасзақстанның экономикалық жүйесі интеграциялануы керек. Жалпы, шетелдік компаниялармен жұмыс істеу, олармен байланысты нығайту, еркін сауда аймағын құру отандық кәсіпорындарға тауарын экспортқа шығаруға мүмкіндік береді», -деп Т. Жақсылықов хабарлады.

Ол атап өткендей, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен, Қырғызстанмен, Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен және Өзбекстанмен шекаралас жатыр.

«1997 жылы Қазақстан Орталық-азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық ОААЭЫ бағдарламасына қатысады. АОАЭЫ мемлекеттері өлік инфрақұрылымын жақсарту, барлық аймақта сауда жүргізу бойынша ұсталған шығындарды көлемін азайту мақсатында бірлесіп жұмыс істейді. 2011 жылдан бастап, көлік, сауда және энергетика салаларына 6,96 млрд. долл. инвестицияланды», - деді Тимур Жақсылықов.

«Жалпы мұндай ілкімді жобалар өзге мелекеттердің бизнесімен ынтымақтастық орнатуда үлкен жұмысты атқарады. Кәсібінің нәсібін көремін деушілерге қолайлы жағдайдлар жасалып, кедергілер алынып тасталады», - деді сөз соңында вице-министр.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика