Хабарламада көрсетілгендей, аталмыш ұшақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне арнайы дайындалған. Ан-74Т-200А ұшағы 10 тоннаға дейін жүк тасымалдауға қауқарлы, жеке құрамдағы 67 адам мен медициналық әрекетте 40 науқасты тасымалдауға шамасы жетеді.
Харьков авиақұрастырушылары көптеген серіктестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатты. «Мойындалған және сенімді серіктестердің бірі ол –Қазақстан», - деп хабарламада нақтыланған.
Айта кетейік, 2013 жылдың 26 сәуірінде Астана Халықаралық әуежайында ҚР ІІМ Ішкі әскеріне салтанатты түрде Ан-74ТК-200 ұшағы берілді, ол Харьков ұшақ құрастырушыларымен дайындалған болатын.
Камила Амирова