Өңірлер

Тиімді корпоративті басқару - 2050 Стратегиясы жүзеге асуының басты міндеті – Ө.Шүкеев

Бүгін VII Астана экономикалық форум аясындағы «Корпоративті басқару мен үстеме құны» дөңгелек үстелінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев тиімді корпоративті басқару «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндеттемелерін іске асыруда маңызды рөл ойнайтынын айтты.
Астана қаласы22 Мамыр , 12:32

«Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мен ЕЭДҰ стандарттарын енгізу міндеттемесін алға қойды. Корпоративті басқару мен оның деңгейлері аталмыш міндеттемені атқаруда үлкен мәнге ие. Кәсіпкерлікті тиімді басқару компания құнына әсер етіп, акционерлі қоғам табысына да ықпал етеді», - дейді Ө.Шүкеев.

Оның айтуынша, бүгінде компаниялар шиеленісті жағдайларды бастан кешуде. Барлық компаниялармен құрылымдық байланыс құру мен сауатты іс жүргізу маңызға ие.

«Біз әлемдегі ең озық стандарттарды енгізіп, барлық әріптестерімізбен арада сенімді серіктес бола білуіміз керек. «Самұрық-Қазына» қоры 2006 жылы құрылды. Осы уақыт аралығында ауқымды шаралар атқарылды. Біздің құжат айналымы да өте жетілген деңгейде. Біз жыл сайын қарамағымыздағы компаниялардың корпоративті басқару деңгейін тексеріп отырамыз. Қор акционерлік қоғам ретінде  компанияның құнын көтеру мен басқару тиімділігіне мән береді», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қазіргі таңда компанияны трансформациялау бағдарламасын қолға алуда.

«Бұл кешенді бағдарлама қор тобын барынша жоғары деңгейге көтеріп, әлемдік трансұлттық компаниялар мен холдингтермен терезесін теңестірмек», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика