Халықаралық интеграция

Қазақстан орнықты даму бойынша Азия-Тынықмұхиттық форумының төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы орнықты даму жөніндегі Азия-Тынықмұхиттық форумының төрағасы болып тағайындалды. Бұл шешім 2014 жылдың 19-21 мамыр аралығында Паттайя (Тайланд) қаласында өткен форумның 5-ші сессия барысында қабылданды.
Әлемде22 Мамыр , 12:14

Форумға ҚР қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов қатысты. Ол планетарлық шектік көрсеткіштер шеңберіндегі бірлесіп даму мәселелері жөніндегі сессия мен министрлердің «дөңгелек үстел» отырысын өткізді, деп Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

Шара барысында Азиялық-Тынық мұхиттық механизмінің, сондай-ақ осы аймақтың дамуы жөніндегі БҰҰ кеңесінің іс-әрекеттерінің нәтижелері қарастырылды. Сонымен қатар, Жоғарғы деңгейде өтетін дүниежүзілік саяси форумда 2015 жылдан кейінгі мерзімге арналған мыңжылдық даму мақсаттары аясында талқыланатын мәселелер шеңберін қарады.

Басты мақсаттарының бірі экономикалық, әлеуметтік, қаржы және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту мәселелеріне қатысуға әлем елдерін ынталандыру болып табылатын форум жұмысына өңір елдері, қызығушылық танытқан даму институттар, ғылыми және қаржылық, сондай-ақ индустрия және бизнес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, аталмыш форумды БҰҰ Азия және Тынық мұхит мемлекеттері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы даму мәселелері бойынша аймақтық диалогты қолдау мақсатында ұйымдастырады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика