Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астанада «КАDЕХ-2014» көрмесі ашылды

Бүгін Астанада «КАDЕХ-2014» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылды.
Астана қаласы22 Мамыр , 11:58

«КАDЕХ-2014» көрмесінде 27 мемлекеттің қорғаныс кәіпорындарынан келген  300 өнім қойылды. Шараның салтанатты ашылуында қазақстадық жауынгерлер өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе, қазақстандық ұшқыштардың, жаяу әскердің өнері таңқалдырды. Ал,  танк вальсі естен кетпестей көрмеге ерекше сән берді.

Жалпы, «КАDЕХ-2014»көрмесі шетелдік және отандық өндірушілердің инновациялық тәсілдерімен жан-жақты танысуға жағдай жасады. 

Айта кетерлік жайт, көрменің маңызды бөлігін іскерлік бағдарлама құрайды. Халықаралық ғылыми-техникалық конференция, презентациялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар әскери үрмелі аспаптар оркесторларының ІІ халықаралық фестивалін өткізбекші. Жақын және таяу шет мемлекеттерден келген әскери оркесторлар tattoo show (дефиле) көрсететін болады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика