Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

30 елдің тобына кірудің маңызды тетігі - экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуы

30 елдің тобына кірудің маңызды тетігі - экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуы, деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтты.
Астана қаласы22 Мамыр , 11:48

«Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты», - деді ол.

Елбасы атап өткендей, «Үшіншіден, бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс».

«Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажетОл үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс», - деді Елбасы.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика