Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

СҚО-да денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы 6 негізгі бағыт бойынша іске асырылуда

Солтүстік Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы 6 негізгі бағыт бойынша іске асырылуда.
Солтүстік Қазақстан04 Тамыз , 00:00

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ұзақ мерзімді бағыттарының бірі – азаматтардың денсаулығын сақтау және әл-ауқатын арттыру. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы 6 негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. 
«Мысалға, салауатты өмір салтын насихаттау және сырқаттану көрсеткішін төмендету мақсатында 2013 жылдың 1 жартыжылдығында облыста Дүниежүзілік Темекімен күрес, нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күніне орайластырылып темекі шегуді шектеу және алдын алу айлықтары өткізілді»,- деп хабарлады денсаулық сақтаудың облыстық басқармасының баспасөз хатшысы Олжас Қабыжанов. 
Есірткі және уытты заттар қолдануға жол беретін тұлғаларды ерте анықтау бойынша бірлескен жұмыстар аясында нарколог дәрігерлер қалалық Ішкі істер басқармасы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп 2013 жылдың алты айында 2 шұғыл алдын алу шарасын өткізді.




Яндекс.Метрика