Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Соңғы 5 жылда көлік саласының дамуына 20,3 млрд доллар жұмсалды –ККМ

«ТрансЕвразия-2014» 9-шы Халықаралық конференциясы аясында ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің көлік саласының қазіргі жай-күйі мен даму жоспарлары жайында баяндады.
Астана қаласы22 Мамыр , 11:31

Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Жеңіс Қасымбек  Еуропа мен Азия даму үстіндегі рыноктары аралығында орналасқан Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің  дамуының негізгі бағыты әлемдік көлік жүйесіне интеграциялану болып саналады, деп ККМ-де хабарлады.

Осымен қатар, ККМ басшысы республиканың көлік-коммуникациялық кешені кейінгі бес жыл бойы тұрақты даму үстінде екендігін атап өтті. Айталық, еліміздің Ішкі жалпы өнімінің 7,5%.көлік саласының үлесінде. Кейінгі бес жылда бұл саланың дамуына $20,3 млрд, жұмсалды, сонымен бірге халықаралық қаржы институттарынан  $5,4 млрд. көлемінде займ тартылғандығы айтылды. 

Есепті мерзімде барлық көлік құралдарындағы жүк айналымы және тасылған жүк көлемі 70%-ға артты, авиакөліктегі жолаушылар ағынының жыл сайынғы өсімі 11% болды. Сонымен бірге елімізде жаңадан 1700 км жаңа теміржол желілері салынды, 19 мың км автомобиль жолдары қанағаттанарлық және жақсы жағдайға келтірілді, елдегі 9 әуежайда реконструкциялау жұмыстары жасалды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика