Евразиялық одақ

Астанада Н. Назарбаевқа арналған кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін VII Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі орынбасары Ержан Ашықбаев Тайыр Мансұровтың «Ақиқатқа айналған Н.Назарбавтың еуразиялық жобасы» кітабын таныстырды.
Астана қаласы22 Мамыр , 11:18

«Монография қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасымен қоса таныстырылды. Бүгінде кітаптың қосымша екінші басылымын шығару жоспарланып отыр. Еңбектің авторы атақты қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат, еуразиялық экономикалық қауымдастықтың бас  хатшысы Тайыр Мансұров болып табылады», - дейді Е.Ашықбаев.

Айта кету керек, кітапта құжаттамалық негізде 1994 жылдың наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру жобасы» жан-жақты қаралған.

Кітапта еуразиялық  филосфия мәселелері қарастырылып, Н.Назарбаевтың еуразиялық жобадағы  басты аспектілері қамтылған.  Экономикалық интеграцияның: Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық   кеңістік  пен Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі кезеңдері сарапталған.

«Еуразия кеңістігіндегі экономикалық интеграция  үрдісін  қабылдау Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасына тікелей байланысты. Бүгінгі  біздің тұсаукесер  шарасы Астанада 29 мамыр күні жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақтың тарихи отырысы қарсаңында өтуде. Онда ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойылады», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика