Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда ана өлімі 3 есеге төмендеді- Г.Әбдіхалықова (ФОТО)

Бүгін VII АЭФ аясында өтіп жатқан «G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдің ролі» әйелдердің халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова «Қазақстанда 2007 жылдан бастап ана өлімі 3 есе төмендеді», деп хабарлады.
Астана қаласы 22 Мамыр, 10:57

«Біз ана өлімін төмендету саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік. 2007 жылдан бастап ана өлімі 3 есе, 2008 жылдан бастап бала өлімі  1,5 есе азайды. Алайда, біздің алдымызда бұл көрсеткішті барынша төмендету міндеті тұр. Осы мақсатта аналар мен балалар арасында алдын-алу шаралары жүргізілуде», - деді ҚР Премьер-Министрінгің орынбасары.

Сонымен қатар, ол бүгінгі білім беру және әйелдер мен балалардың тәрбиесін тілгне тиек етті. Жалпы, әлем бойынша балаларға білім және тәрбие беруде мектеп ролі алдыңғы қатарда тұр. Дәл осы кезеңде бала белсенді және жаңа мәдіметтерді қабылдау қабілетіде зор», - деді Г. Әбдіхалықова.

Оның пайымынша, отбасы баланың рухани-адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі.

«Біздің өміріміздегі есте қалған ең жарқын сәттер - ол балалық шақ. Дәл сол кезде отбасыңа, отаныңа деген махаббат, үлкенге құрмет, еңбекқорлық сынды қасиеттер баланың бойына сіңеді», - деп ол атап өтті.

Мадина Нұрбекова





Дерекнама

Яндекс.Метрика