Іс-шара барысында панельдік сессияға қатысушылар климаттың өзгеру проблемасын және оның ауыл шаруашылығының дамуына әсерін талқылады, отандық және халықаралық сарапшылардың ғылыми зерттеулері негізінде жер шаруашылығы жүйелерін дамыту және өзгермелі климатқа Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласын бейімдеу бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі, деп Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.
Панельдік сессияны ашу кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бәрінен бұрын ауыл шаруашылығы климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерден зардап шегетінін атап өтті. Аграрлық саланың климаттың өзгеруіне тұрақты болуы үшін салдарды бағалауды, ұзақ мерзімді бейімдеу үшін институционалдық әлеуетті өсіруді және табиғи апаттардан туындайтын қауіптерді басқару жүйесін құруды қарастыратын тиісті саясат жүргізілуі тиіс.
Панельдік сессияның қорытындысы өзгермелі климатқа ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болды.