Парламент

Мәжіліс тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Астана қаласы22 Мамыр , 09:47

Заң жобасының негізгі мақсаты «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның нормалары мен заңнамалық актілер арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды алып тастау арқылы тұрғын үй заңнамасын жетілдіру болып табылады,деп Өңірлік даму министрлігінде хабарлады.

Сонымен қатар, заң жобасымен уәкілетті органның тұрғын үйге қойылатын техникалық талаптарды бекітуге құзыретін бекіту бойынша толықтыру енгізіледі. Тұрғын үйге қойылатын техникалық талаптар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленбеген, жоғарыда көрсетілген толықтыру аталған құқықтық олқылықты жоюға мүмкіндік береді.

Заң жобасымен жұмыс барысында Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер қозғалды. Көп балалы отбасылар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғанға дейін олардың кезегін сақтау ұсынылады. Бейбіт уақытта әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан меншікке ақысыз тұрғын үй алу құқығын беру бойынша ұсыныс қолдау тапты. Жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтамасыз етуге сөзсіз құқығын сақтай отырып, олардың арасында пәтерлер бөлу үшін кемінде 20 % мөлшерде квота бекіту ұсынылады.

Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі – мемлекеттік тұрғын үй беру мәселесінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктердің баспасөз басылымдарында және интернет-ресурстарында кезекте тұрған, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдерін жариялау міндетінің бекітілуі болып табылады.




Яндекс.Метрика