Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада «ТрансЕуразия-2014» конференциясы өз жұмысын бастайды

Транзиттік-көлік әлеует жөніндегі IX Халықаралық конференцияға қатысуын 26 елдің 300 өкілдері растады. Олар бірлесіп бүкіл Евроазиаттық аумақтың көлік жүйесі дамуының келешегін талқылайды, деп Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы22 Мамыр , 09:00

Атап айтқанда, қатысушылар алдында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, КР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек, энергетика және Еуразиялық экономикалық комиссияның инфрақұрылымы бойынша алқаның мүшесі (министр) Даниал Ахметов, сонымен бірге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – теңізге және кішігірім аралдарға шығысы жоқ онша дамымаған, дамушы елдер бойынша жоғарғы өкіл  Гьян Чандра Ачария сөз сөйлейді.   

Конференция шеңберінде Пленарлық сессия, сонымен бірге панельдік сессия ұйымдастырылады. 

Осылайша, «Еуразиялық транзит мүддесінде ынтымақтастық: бизнесті дамытуға жаңа көзқарас» тақырыбы бойынша сессия барысында қатысушылар көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту сұрақтарын және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету мен көлік процесстерін автоматтандыру мүмкіншіліктеріне қатысты сұрақтарды талқылайды.

Сонымен бірге «Қара теңіз–Каспий транзиті: ТРАСЕКА шеңберіндегі диалог» сессиясы барысында Silk Wind блок-пойызының жобасы, Каспий және Қара теңіз арқылы мультимодальді тасымалдаулар, сонымен қатар кедендік процедуралар және ТРАСЕКА елдерінің инфрақұрылымдық жобалары талқыланады

Бұдан тыс, 22 мамырда Конференция шеңберінде «Көрме» орталығында «Транзит Қазақстан-2014» көрмесі өтеді. Дәстүр бойынша Көрме алаңында көлік индустриясының соңғы жетістіктері көрсетіледі. Көрмемен қатарлас мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылып, қазақстандық көлік жүйесінің дамуы, сонымен бірге әртүрлі көлік түрлері әрекеттесуінің жаңа жүйелерін жасау жөнінде өзекті мәселелер талқыланады.   Биыл іс-шараға Қазақстаннан, Қытайдан, Ресейден, Литвадан, Эстониядан, Белоруссиядан және Украинадан 91 компания қатысады.




Яндекс.Метрика