Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: Әкімшілік реформа

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы21 Мамыр , 19:58

Мемлекеттік аппаратты ірілендіруге, бюрократтық деңгейін төмендету мен шенеуніктер санын азайтуға бағытталған, сонымен қатар әкімшілік деңгейі бойынша биліктің міндеттемелері мен жауапкершілігін бөлуге қатысты (биліктік вертикалын қалыптастыру) шаралар топтамасы.

Әкімшілік реформа — бір тұжырымдамаға жинақталған атқарушы биліктің түрлі институттарын жаңартуға қатысты ойлап табылған шаралар жиынтығы. Мақсат – заманауи қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін барынша тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру.

Мемлекеттік менеджмент – түрлі шараларға емес, нақты нәтижелерге бағыт-талған мемлекеттің басқарулық қызметіне қатысты және кәсіпте өзінің тиімділігін танытқан жаңа басқару технологияларын жинақтайтын заманауи әдістер жүйесі.

Мемлекеттік басқару жүйесін (МБЖ) жаңғырту мәселелері Қазақстанның тәуелсіз-дік алғаннан бергі мерзімдегі маңызды сұрақтарының бірі.

МБЖ реформалау 1992 ж. Президенттің «Экономикалық реформалар жағдайындағы мемлекеттік басқару органдарын ұйымдас-тыру және қызметін жетілдіру туралы» Жарлығының қабылдануымен басталған болатын. Осы Жарлық аясында бұрынғы әкімшілік жүйені бұзу мен биліктің жаңа вертикалін қалыптастыру жүрді.

МБЖ қалыптастырудың екінші кезеңі 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдау және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаумен тұстас келді. Аталынған құжаттар реформалардың табысты болу факторларының бірі ретінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру бағытын айқындады. 1997 жылы әкімшілік-территориялық бөлініс реформасы жүргізілді.

Үшінші кезең аясында (2000 жыл-дан бастап) мемлекеттік қызметтің жүйесі қалыптасты, ол биліктің 3 тармағы қызметін қамтамасыз етуде біркелкі ережелер мен уәждемелерге негізделді. Мемлекеттік қызметкерлердің бес категориясы енгізілді. 2002–2003 жылдарда Үкімет мемлекеттік органдар қызметін орталықсыздандыру және жүйелеу мәселелерімен белсенді түрде айналысты.

2007 ж. МБЖ жетілдірудің жаңа кезеңі Саяси реформа бағдарламасын жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы қорытындыларымен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі конституциялық өзгерістер Парламенттің өкілеттері теңгерімін қайта бөлу және оның бақылаулық қызметінің артуы-на жағдай жасады, бұл үрдіс Қазақстандағы президенттік-парламенттік жүйеге қатысты эволюция ретіндегі мазмұнға ие болды.

Реформаны жүзеге асыру үшін Президенттің 2007 ж. 13 қаңтарындағы № 273 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға қатысты шаралар туралы» Жарғысы негізінде міндеттер қойылып, Әкімшілік реформа бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы қалыптастырылды.

Осы кезеңнің аясында әкімшілік реформаның жаңа сатысы жүзеге асырылды. Жауапты хатшылар институты енгізілді, саяси мемлекеттік қызметкерлер саны азайтылып, территориялық және жергілікті мемлекеттік органдардың атаулары ретке келтірілді. Ведомстволардың қызметтері стратегиялық (департаменттер) және жүзеге асырушылық (комитеттер) деп бөлінді. Өкілетті орган мемлекеттік органдарға функционалдық талдау жасайды.

Осымен қатар соттық-құқық қорғау жүйесінде де реформа жүргізілді, дәлірек айтқанда әділет министрілігі мен ішкі істер министрлігі арасындағы қызмет теңдігіне (миграция, қылмыстық-орындау жүйесі), қаржы полициясын, Жоғарғы соттың қызметін шаруашылықтық қамсыздандыруға арналған сот әкімшілігі комитетін, адам құқықтары жөніндегі өкілеттілікті құруға қатысты. Алдымен өлім жазасына мораторий енгізіліп, артынан террористік актілер мен соғыс уақытынан басқа кездегі өлім жазасы толығымен жойылды. Сонымен қатар қоғам мен бизнестің көңілінен шығатын заманауи соттық-құқық қорғау жүйесін құруға қажетті кадрлық әлеуетті қалыптастыруға үлкен назар аударыл-ды. 2012 ж. барлық күштік құрылымдардың қызметкерлеріне аттестация өткізілді. Оның нәтижесі бойынша 100 мыңнан астам адам аттестациядан өтпесе, 12,5 мың адам орган-нан шығарылды.

Жалпы алғанда әкімшілік жүйені жетілдіру бойынша жұмыстар үздіксіз негізде жүргізіледі. МБЖ бойынша қабылданған қаулылардың жалпы саны шамамен 36, оның ішінде МБЖ жалпы жетілдіру (мемлекеттік ор-ганды қайта құрылымдау) бойынша 12 қаулы бар. Сонымен қатар мемлекеттік органдар-ды қайта құрылымдау қарқынының өсімі байқалып отыр. Осыған сәйкес қаулылар жыл-сайын қабылданады. Бұл үрдіс дағдарыстан кейінгі кезеңде жаңа агенттіктерді құра бастауға байланысты (барлығы 3) барынша қарқынды жүрді.

2008–2009 жж. жоспарланған әкімшілік реформалардың кейбір бағыттары, оның ішінде мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты бағыты біршама кейінірек жүзеге асырыла бастады. 2011 ж. шілдесінде Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжырымдамасы қабылданды, ол мемлекеттік лауазымдардың жаңа құрылымына немесе жалпы алғанда мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне арналды. 2013 ж. «Мемлекеттік қызмет ту-ралы» заңға түзетулер енгізіліп, 2013 ж. 22 наурызындағы Президенттің № 524 қаулысы бойынша мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты жаңа лауазымдық топ ретіндегі «А» корпусы енгізілді.

Сонымен бірге ауылдық әкімдерді сайлау енгізілді. Аудан әкімдері «А» корпусына ауыстырылды, осыған байланысты байқаулық іріктеу мен қызметін бағалау шараларына қатысады.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика