Кедендік одақ

В. Перебоев КО мен БЭК-ке енуді қолдайтын елдер туралы әңгімеледі

Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуды 4 ел қолдады, деп VII АЭФ аясында өткен еуразиялық интеграция мәселелерінің панельді сессиясында ЕДБ интеграциялық зерттеу бағыты орталығының жетекшісі Владимир Перебоев мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 19:03

«Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуды 4 ел қолдап отыр. Олар: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения. Оның ішінде үш ел КО-ға енуге жақын елдер: Қырғызстан, Тәжікстан, Армения», - деді В. Перебоев.

Сондай-ақ, ол бұл елдер КО-ға енуді қолдап отырғандардың қатарында екендігін айтты. Алайда, Қырғызстанда КО-ға қосылуға қарсы болған пікірлердің саны көбейді.

«Егер өткен жылы 14 пайыз теріс пікір қалыптасса, 2014 жылы қарсы болғандар саны 16 пайызды құрады. Ал пікірді қолдау 13 пайызға азайды», - деді сарапшы.

Оған қоса, Грузияда Кедендік одақ қатарына қосылуды қолдаудың саны артқан.

«Бұл Кедендік одақ пен Грузия арасындағы қарым-қатынасты белсенділете түсу қажеттігін  көрсетеді», - деді ол.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика