«Бүгін біз «Белсенді және дені сау Қазақстан» жобасын таныстырмақшымыз. Айта кетерлік жайт, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағына есептелген. Менің ойымша бұл жоба біздің шетелдік әріптестеріміз үшінде қызықты болады деген сенімдемін», - деді жобаны таныстыру барысында Е. Изатуллаев.
Оның айтуынша, тамақтану мәдениетін арттыру әлеуметтік маңызды дерттерді алдын-алу жолында шешуші роль атқарады. Сонымен қатар, ол,елімізде әлеуметтік маңызды сырқаттармен қатар, жұқпалы аурулардың артуы байқалуда, деді.
Айта кетерлік жайт, ДДСҰ мәліметі бойынша адамның денсаулығының 50% оның өмір сүру салтына тәуелді.
«Аталмыш бағдарлама салауатты өмір салтын, физикалық белсенділікті арттыру қажеттілігін насихаттауға арналған. Бұл мақсатта үнпарақтар, таратылып, танымал адамдар тартылатын болады», - деді Е. Изатуллаев.
Мадина Нұрбекова