Евразиялық одақ

Еуразиялық интеграциялық жоба азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс – В.Перебоев

Еуразиялық интеграциялық жоба азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталуы керек, деп Еуразиялық даму банкі Интеграциялық зерттеу орталығы бағытының жетекшісі Владимир Перебоев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 10:11

«Еуразиялық интеграцияның дамуын қоғамдық қабылдаусыз елестету мүмкін емес. Оны қоғамның қолдауы өте маңызды. Өйткені мұның негізінде халық тұр. Еуразиялық интеграциялық жоба азаматтардың әл-ауқатын көтеруге, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталуы керек», - дейді В.Перебоев.

Осыған орай, оның айтуынша, «қоғамдық қабылдауға, интеграциялық жобаны халықтың қалай түсініп жатқанына мұқият көңіл аударған жөн. Сонымен қатар, бұл  үрдіс қарапайым халыққа, кәсіпкерлік пен саяси элитаға да түсінікті болуы керек», - дейді ол.  

Жалпы, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік ұғымын қабылдау Кедендік одақ елдерінде оң үрдіс алған.

«Кедендік одақтың құрылуына ең көп деңгейде қолдау көрсеткен Қазақстан халқы (73%). Алайда 2012-2013 жылдары Қазақстанда Кедендік одақты қолдау деңгейі 7%-ға төмендесе, Ресейде бұл көрсеткіш 5%-ды құрады. Ал Беларусь елінде   бұл көрсеткіш керісінше 5%-ға артты», - дейді сарапшы.

В.Перебоевтың айтуынша, 2014 жылы Кедендік одақты қолдау деңгейінің төмендеуі мүмкін. Немесе ТМД елдерінің Кедендік одаққа деген құлшынысы бәсеңсиді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика