Мәдениетті жаңғырту

ШҚО-ның мәдениет қызметкерлері әкім сыйлығымен марапатталды

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің өнер майталмандарымен кездесті.
Шығыс Қазақстан21 Мамыр , 19:41

Кездесуге облыстың шығармашылық ұжымы, ЖОО ректорлары, ақсақалдар, ардагерлер, мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Кездесу барысында мәдениет қызметкерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен облыстық архитектуралық-этнографикалық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев марапатталды.

ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен облыс қалалары мен аудандарының 16 адамы марапатталды. Солардың арасында аудандық Мәдениет үйі директорлары, сазгерлер, мен режиссерлар бар.

Сонымен қатар, мәдениет пен өнер саласына қосқан үлесі үшін 11 адам «Әдеби іс», «Мұражай ісі», «Клуб ісі», «Би», «Халық өнерін дамыту» номинацияларымен марапатталды. 




Яндекс.Метрика